Қосанов Мемориалы: Михина былтырғы күмісін алтынға ауыстырды Фото Константин Князевич
107

Қосанов Мемориалы: Михина былтырғы күмісін алтынға ауыстырды

Бүгін Алматыдағы Орталық стадионда жеңіл атлетикадан халықаралық «XXVIII Ғұсман Қосанов Мемориалы» басталды. Әйелдер арасындағы 400 метрге жүгіруден Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Элина Михина жеңіске жетті.

Финалға шыққан 8 спортшының арасында фальстартқа байланысты біреуінің нәтижесі есепке алынған жоқ. Өзге 7 атлет мәреге жетіп, келесідей нәтижені көретті: 23 жастағы риддерлік Михина 52.78 секундпен чемпион атанды. Екінші орын қарағандылы Любовь Ушакованың еншіінде. Қола жүлдеге тағы бір отандасымыз Инна Губанова қол жеткізді.

Былтырғы жылы Элина Михина үнді қызы Мачеттире Пооваммеден қалып қойып, күміс жүлдені қанағат тұтқан. Ол кезде Михинаның уақыт көрсеткіші – 53,63 секунд болған. Биыл көрсеткішін айтарлықтай жақсартты.

29 маусым, «XXVIII Ғұсман Қосанов Мемориалы». Алматы. 400 метрге жүгіру.

Әйелдер:

1.Элина Михина (Қазақстан) – 52.78

2. Любовь Ушакова (Қазақстан) – 55.41

3. Инна Губанова (Қазақстан) – 56. 63.

Тізімге қайта оралу