Қосанов Мемориалы: Төрт эстафетаның үшеуінде бас жүлде бұйырды Фото Константин Князевич

Қосанов Мемориалы: Төрт эстафетаның үшеуінде бас жүлде бұйырды

Алматыда өткен Ғұсман Қосановты еске алуға арналған жеңіл атлетикадан халықаралық мемориалдың алғашқы күнінде 100 метрге жүгіру бойынша командалық эстафетадан Қазақстанның ерлер және қыздар құрамасы да топ жарды.

Осымен XXVIII рет ұйымдастырылған жарыстың бірінші күнінде 4х100 метрге жүгіру бойынша әйелдер арасындағы командалық эстафетадан Қазақстанның намысын еліміздің үздік спринтерлері  Рима Кашафутдинова, Виктория Зябкина, Ольга Сафронова және  Анастасия Тулапина қорғады. Былтырғы жылы алғашқы үштікпен бірге Светлана Голендова қатысқан. Биыл Жамбыл облысының спортшысы болмағандықтан оның орнын Тулапина басты.

2017 жылы төртіктің көрсеткіші 43,03 секунд болған. Биыл Қазақстан-1 құрамасы мәреге 45.47 секундта жетті.

29 маусым, «XXVIII Ғұсман Қосанов Мемориалы». Алматы. 4х100 метрлік эстафета.

Әйелдер:

1.Қазақстан-1 – 45.47 сек

2. Қазақстан-2 – 48.52

3. Өзбекстан – 49.87

Ерлерден бірінші орынды Қазақстан-2 құрамасы жеңіп алды. Бұл команда сапында Григорий Володин, Дамил Сутжанов, Сергей Русак, Александр Каспер жүгірген. Уақыт көрсеткіштері – 40.39 секунд. Олардан 0,35 секундқа қалып қойған Қазақстан-1 құрамасы күміс жүлде еншіледі (Вячеслав Земс, Виталий Земс, Давид Ефремов, Владислав Григорьев). Үштікте Қырғызстан құрамасы бар.

29 маусым, «XXVIII Ғұсман Қосанов Мемориалы». Алматы. 4х100 метрлік эстафета.

Ерлер:

1. Қазақстан-2 – 40.39 сек

2. Қазақстан-1 – 40:74

3. Қырғызстан – 41.82

Ал 4х400 метрлік эстафетада Любовь Ушакова, Аделина Ахметова, Мерден Ишенгулиева, Элина Михина төрттігі чемпион атанды. Олардың уақыт көрсеткіші – 3:44.41 минут.

30 маусым, «XXVIII Ғұсман Қосанов Мемориалы». Алматы. 4х400 метрлік эстафета.

Әйелдер:

1.Қазақстан-1 – 3:44.41 мин

2. Қазақстан-2 – 3:53.51

3. Өзбекстан – 4:07.30

Ерлерден бұл жолы Амир Моради бастаған Иран құрамасы чемпион атанды. Олардан 2 секундқа қалып қойған Қазақстан құрамасы екінші орынды еншіледі. Үшінші орын Қырғызстан құрамасына бұйырды.

30 маусым, «XXVIII Ғұсман Қосанов Мемориалы». Алматы. 4х400 метрлік эстафета.

Ерлер:

1. Иран – 3:13.65 мин

2. Қазақстан – 3:15.47

3.Қырғызстан – 3:20.88.

Тізімге қайта оралу