Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

8

Күн
Дунгань, Қытай

Қосанов мемориалы: Тосқауылдар арқылы жүгірудің жеңімпаздары анықталды

25.06.2017

108
Қосанов мемориалы: Тосқауылдар арқылы жүгірудің жеңімпаздары анықталды Солдан оңға қарай: Әйгерім Шыназбекова, Анастасия Виноградова, Олена Яновская

Ғұсман Қосанов дәстүрлі мемориалының тосқауылдар арқылы жүгіру жарысында қысқа қашықтықта ерлер арасында ирандық Сайар Милад жеңімпаз атанса, қыздар арасында Анастасия Виноградоваға ілесе алар ешкім болмады.

Бірақ, ерлер арасында 110 метрлік жарыста тек төзімділер ғана мәреге жетті. Өзі барлығы жеті-ақ желаяқ жарыс жолына шыққан. Екеуі фальстарт жасап, жарыстан шығып қалса, тағы екеуі жүгіру барысында дисквалификацияға ұшырап, көрсеткіштері есепке алынбай қалды. Сөйтіп, мәреге жеткен үш атлет өзара жүлделі орындарды бөлісті. Ирандық Сайар Милад Ғұсман Қосанов мемориалының жеңімпазы атанса, 19 жасар қарағандылық Вячеслав Земс алты-ақ милисекундқа қалып қойды. Қола жүлде 21 жасар павлодарлық Денис Косолаповқа бұйырды.

Алайда, бұл жарыста ешқайсысы да Әлем чемпионатының нормативін орындай алған жоқ

100 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру

Ерлер:

1. Сайар Милад (Иран) -  14.03 сек.

2. Вячеслав Земс (Қазақстан) – 14.09

3. Денис Косолапов (Қазақстан) – 14.87

Қыздар арасындағы жарыста бәсекелестік қашан да жоғары. Барлығы 13 желаяқ қатысқан бағдарламаның финалдық кезеңінің өзі екі топқа бөлінді. Дегенмен, басты бәсекелестік әдеттегідей қазақстандықтар арасында өрбіді. Анастасия Виноградова 100 метрді тосқауылдар арқылы 13.41 секундта жүгіріп өтсе, Әйгерім Шыназбекова 13.54 секундтық көрсеткішпен екінші орынды еншідеді. Ал үшінші орын украиналық Олена Яноваскаяға бұйырды. Биыл Лондон әлем чемпионатының нормативі 12.98 секунд екенін ескерсек, қыздарымыз енді бұл тапсырманы Үндістанда өтетін Азия чемпионатында орындауға тырысатын болады.

– Менің бәсекелесім жоқ. Жарыс кезінде уақыт қана бізге қарсылас. Ал Әйгерім екеуміздің бәсекелестігіміз екеумізге де тек пайда береді. Маған Шыназбековамен бірге жүгірген ұнайды. Екеуміз бір-бірімізбен емес, шетелдіктермен бәсекеге түсіп, Қазақстан желаяқтарының қаншалықты жүйрік екенін дәлелдеуіміз қажет. Ал әлем чемпионатының нормативін енді Үндістанда өтетін Азия чемпионатында орындауға тырысамын, - деді жарыстан кейін Анастасия Виноградова.

110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру

Қыздар:

1. Анастасия Виноградова (Қазақстан) – 13.41 сек.

2. Әйгерім Шыназбекова (Қазақстан) – 13.54

3. Олена Яновская (Украина) – 13.56

Тізімге қайта оралу