Қосанов Мемориалы: Үш фальстарт және Хасеймидің жеңісі Фото Константин Князевич
85

Қосанов Мемориалы: Үш фальстарт және Хасеймидің жеңісі

Бүгін Алматыдағы Орталық стадионда жеңіл атлетикадан халықаралық «XXVIII Ғұсман Қосанов Мемориалының» алғашқы жарыс күні аяқталды. Ерлер арасындағы 100 метрдің алтын жүлдесі Иран спортшысына бұйырды.

Рим Олимпиадасының күміс жүлдегері Ғұсман Қосановтың өзі жүгірген 100 метрдің алтын жүлдесі бұл жолы шетелдік спортшының еншісінде кетті. Ираннан келген Реза Хасейми жеңіп алды. Ол сондай-ақ осы сайыс түріне тігілген 1000 АҚШ долларына ие болды.

Финалдық кезеңде қатысушыларды үш рет жүгіртуге тура келді. Фальстартқа байланысты бірінен соң бірі жарыстан шығып, үш спортшы жүгіре алмады.

Негізі таңертең өткен іріктеуде қарағандылық Владислав Григорьев пен астаналық Александр Каспер үздік шыққан.

Ал финалда қырғызстандық Жамаладин Мұсаев пен Алигаджи Магомедгаджиев және жерлесіміз Владислав Григорьев фальстартқа байланысты жарыстан шығып шығып алды.

Сосын бестік өзара үш медальды сарапқа салды. Іріктеуде көзге түспеген Иран атлеті Хасейми 10. 25 секундпен күтпеген жерден жеңіске жетті. Қазақстандық Александр Каспер мен Сергей Русак өзара екінші және үшінші орынды бөлісті.

– Былтырғы жылы жарақатыма байланысты жарыстарға қатыса алған жоқпын. Биылғы маусым сәтті басталды. Осының алдында Қырғызстанда жеңіске жеттім. Бүгін Қосанов Мемориалында жеке рекордымды жаңартып отырмын, – деді Александр Каспер.

29 маусым, «XXVIII Ғұсман Қосанов Мемориалы». Алматы. 100 метрге жүгіру.

Ерлер:

1. Реза Хасейми (Иран) – 10.25 сек

2. Александр Каспер( Қазақстан) – 10.53

3.Сергей Русак (Қазақстан) – 10.56.

Тізімге қайта оралу