Көктемгі Қазақстан чемпионаты 2018

Есептегіш

7

Күн
Шымкент

Ашхабад-2017: Бесінші алтын Элина Михинаға бұйырды

19.09.2017

Бек Төлеуов  
227
Ашхабад-2017: Бесінші алтын Элина Михинаға бұйырды

Түркіменстан астанасы Ашхабад қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия ойындарында әйелдер арасында 400 метрге жүгірген Элина Михина Қазақстан құрамасына бесінші алтынды сыйлады.

Шығыс Қазақстан облысының тумасы финалдық кезеңді 53, 37 секундта жүгіріп өтті. Күміс жүлдеге вьетнамдық Тхи Ханг Нгуен қол жеткізді. Оның уақыт көрсеткіші – 54, 41 секунд.Үздік үштікте Таиландтан келген Атчима Энг-Чуан (54, 45 с) бар.

Жабық кешендегі Азия ойындары. Ашхабад, Түркіменстан.

Жеңіл атлетика. 400 метрге жүгіру, әйелдер.

 Жартылай финал. Екінші топ:

1. Элина МИХИНА (Қазақстан) – 55,46

2. Супани Поолкерд (Тайланд) – 56,21

3. Кристина Пронженко (Тәжікстан) – 56,88

Финал:

1.     Элина МИХИНА – 55,46 с

2.     Тхи Ханг Нгуен (Вьетнам) – 54, 41 с

3. Атчима Энг-Чуан (Тайланд) – 54,45 с

4. Супани Поолкерд (Таиланд) – 55,85

5. Ина Лианг (Қытай) – 56,32

6. Кристина Пронженко (Тәжікстан) – 56,89

Тізімге қайта оралу