Ашхабад-2017: Қазақстан жеңіл атлеттері көш бастап тұр
Бек Төлеуов  
282

Ашхабад-2017: Қазақстан жеңіл атлеттері көш бастап тұр

Түркіменстан астанасы Ашхабад қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия ойындарының бүгін шешуші сайыс күні. Алғашқы екі күннің қорытындысы бойынша қазақстандық атлеттер көш бастап тұр.

Григорий Егоров жаттықтыратын Қазақстан құрамасы екі күнде 10 медаль жеңіп алды. Оның ішінде алтауы алтын.

Ашхабадтан Қазақстаннан 14 жеңіл атлет аттанған болатын. Оның ішінде тоғызы жүлдеге қол жеткізіп үлгерді. Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова екі алтын еншіледі.

Екінші орында Үндістан құрамасы тұр. Оңтүстік Азиядан келген атлеттер 3 алтын, 2 күміс, 1 қолаға ие болған. Үздік үштікті 1алтын 3 қоламен Вьетнам спортшылары түйіндейді.

Айта кетейік, жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан сапында Иван Иванов (ядро серпу),Ольга Рыпакова (ұзындыққа секіру), Сергей Григорьев (сырықпен секіру) чемпион атанған болатын. Ал 60 метрге тосқауылдар арқылы жүгірген Анастасия Виногродова қола медальға қол жеткізді.

Ал кеше Ольга Рыпакова (үш қарғып секіру), Виктория Зябкина (60 метрге жүгіру), Элина Михина (400 метрге жүгіру) топ жарды. Мария Овчинникова (үш қарғып секіру) жалғыз күмісті мойнына тақса, Ольга Сафронова (60 метрге жүгіру) мен Михаил Литвин (400 метрге жүгіру) үштіктің қатарынан көрінді.

 

Тізімге қайта оралу