Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

1

Күн
Дунгань, Қытай

Ашхабад-2017: Михаил Литвин іріктеу кезеңінде ең үздік нәтижені тіркеді

18.09.2017

Бек Төлеуов  
150
Ашхабад-2017: Михаил Литвин іріктеу кезеңінде ең үздік нәтижені тіркеді ФОТО - Данияр Майлыбаев

Бүгін Ашхабадта өтіп жатқан жабық кешендегі Азия ойындарында жеңіл атлеттер жарыс жолына шықты.

Ерлер арасында 400 метрге жүгірген қос қазақстандық атлет Михаил Литвин мен Игорь Кондратьев іріктеу кезеңнен іркілмей өтті.

Литвин аталған қашықтықты 47,51 секундта жүгірді.Сөйтіп, өз тобында ғана емес, жалпы іріктеуге қатысқан спортшылардың арасындағы ең үздік нәтжені тіркеді. Игорь Кондратьев те (49, 35 секунд) жартылай финалға жолдама алды.

Ал 800 метрге жүгірген Сергей Зайков 800 метрге жүгіруден қатысқан еді. Бірақ жартылай финалға өтпеді.

Әйелдер арасында 400 метрге жүгіруден 16 спортшы тіркелген екен. Олар іріктеу кезеңінде үш топқа бөлініп жүгірді. Қазақстан намысын 2017 жылғы Азия Гран-приінің жеңімпазы Элина Михина қорғады. Ол үшінші топта жүгіріп, үздік шықты.

Жалпы есепте Шығыс Қазақстан облысының тумасы үшінші орында тұр. Михинаның уақыт көрсеткіші – 56,68 секунд.

Оның алдында таилдандтық Энг-Шуан (56,38 сек.) пен вьетнамдық Нгуен Тхи Ханг (56,45) орап кетті.

Бүгін Астана уақытымен 20:55-те жартылай финал басталады. Ал финал ертеңге жоспарланған.

 

 

Тізімге қайта оралу