Жазғы Азия ойындары 2018

Есептегіш

8

Күн
Джакарта, Индонезия
Ашхабад-2017: Рыпакова мен Овчинникова алтын мен күмісті өзара бөлісті ФОТО - Данияр Майлыбаев
Бек Төлеуов  
366

Ашхабад-2017: Рыпакова мен Овчинникова алтын мен күмісті өзара бөлісті

Түркіменстан астанасы Ашхабад қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия ойындарында әйелдер арасында үш қарғып секірудің алтын мен күміс жүлдесі қазақстандық атлеттерге бұйырды.

Біздің елден бұл сында Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова мен 2017 жылғы Азия чемпионы Мария Овчинникова қатысқан болатын. Рыпакова өз кезегінде 14, 32 метрге секіріп жеңіске жетті. Овчинникованың көрсеткіші – 13,21 метр. Қола жүлдеге 18 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы қытайлық Тан Кичжао ие болды.

Осылайша, Ольга Рыпакова Ашхабадта өтіп жатқан Азия ойындарын екі алтынмен аяқтады. Ол кеше ұзындыққа секіруден де ешкімге дес бермеген еді.

Айта кетейік, әзірге Қазақстан жеңіл атлеттері 4 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль еншілеп үлгерді. 

Жабық кешендегі Азия ойындары. Ашхабад, Түркіменстан.

Жеңіл атлетика. Үш қарғып секіру, әйелдер. Финал

1. Ольга Рыпакова (Қазақстан) – 14,32 м

2. Мария Овчинникова (Қазақстан) – 13,21 м

3. Тан Кичжао (Қытай) – 13, 10 м.

Тізімге қайта оралу