Жазғы Азия ойындары 2018

Есептегіш

10

Күн
Джакарта, Индонезия
Ашхабад - 2017: Виктория Зябкина алтынның санын алтыға жеткізді ФОТО - Данияр Майлыбаев
Бек Төлеуов  
285

Ашхабад - 2017: Виктория Зябкина алтынның санын алтыға жеткізді

Түркіменстан астанасы Ашхабад қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия ойындарында жеңіл атлеттер жарыстың екінші күнінде тағы үш алтын, бір күміс, бір қола медаль жеңіп алды.

Әйелдер арасында 60 метрге жүгірген спринтерлер сайысында Виктория Зябкина жеңіске жетті. Сарықұрлықтың үздік атлеті аталған қашықтықты 7,32 секундта жүгіріп өтті. Екінші орынға Вьетнамнан келген Ле Ту Чин (7,36 с) тұрақтаса, қола жүлде тағы бір қазақстандық атлет Ольга Сафроноваға бұйырды.

Жабық кешендегі Азия ойындары. Ашхабад, Түркіменстан.

Жеңіл атлетика. 60 метрге жүгіру, әйелдер.Финал:

1. Виктория Зябкина (Қазақстан) – 7,32 с

2. Ле Ту Чин (Вьетнам) – 7,36 с

3. Ольга Сафронова (Қазақстан) – 7,43 с.

Айта кетейік, Қазақстан жеңіл атлеттері жарыстың алғашқы екі күнінде 6 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды. Бұған дейін Ольга Рыпакова (ұзындыққа және үш қарғып секіру), Сергей Григорьев (сырықпен секіру), Иван Иванов (ядро серпу), Элина Михина (400 метрге жүгіру) алтын алса, Мария Овчинникова (үш қарғып секіру) күміс медальға қол жеткізді. Сондай-ақ Анастасия Виногродова (60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру), Михаил Литвин (400 метрге жүгіру) қола медаль еншілеген болатын.

 

Тізімге қайта оралу