Ашхабад-2017: Виноградова қола жүлдеге қол жеткізді
Бек Төлеуов  
237

Ашхабад-2017: Виноградова қола жүлдеге қол жеткізді

Түркіменстан астанасы Ашхабад қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия ойындарында 60 метрге тосқауылдар арқылы жүгірген қазақстандық Анастасия Виноградова қола жүлдеге ие болды.

Жеңіл атлеттер доданы кеше бастаған болатын. Алғашқы жарыс күні Қазақстан атлеттері үшін сәтті басталды. Бірден 3 алтын, 1 қола жүлде бұйырды. Жалғыз қола 60 метрге тосқауылдар арқылы жүгірген Анастасия Виноградованың еншісінде.

Құрамадағы тәжірибелі спортшының алдын Гонгонгтан келген Луи Лаи Ю мен Сушада Месри (Таиланд) орап кетті. Алғашқы 8,41 секундта жүгіріп, өзінің жеке рекордын жаңартты. Месридің уақыт көрсеткіші – 8,56 секунд. Виноградова мәреге 8,59 секундта жетті.

Жабық кешендегі Азия ойындары. Ашхабад, Түркіменстан.

Жеңіл атлетика. 60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, әйелдер:

1.     Луи Лаи Ю (Гонконг) – 8,41 с

2.     Сушада Месри (Таиланд) – 8,56 с

3.     Анастасия Виноградова (Қазақстан) – 8,59 с.

Тізімге қайта оралу