Жазғы Азия ойындары 2018

Есептегіш

8

Күн
Джакарта, Индонезия
   Ашхабадта 19 елдің жеңіл атлеті жүлдеге ілікті
252

Ашхабадта 19 елдің жеңіл атлеті жүлдеге ілікті

Түркіменстан астанасы Ашхабад қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия ойындарында жеңіл атлеттердің сайысы аяқталды.

Жеңіл атлеттер жарысы үш күнге жалғасты. Ашхабадта жаңадан салынған жабық кешендегі Азия ойындарында жеңіл атлеткадан 26 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Жүлдеге 19 елдің спортшысы ілікті. Бір қызығы, жарыс қожайыны Түркіменстан Қазақстанның арқасында бір қола медальға ие болды.

Кеше жарыстың соңғы күнінде эстафетадан біздің қыздар жеңіске жеткен еді. Алайда кейіннен ұйымдастырушылар жерлестерімізге дисквалификация беріп, алтын медальды қайтарып алды. Сөйтіп, төртінші орында Түркіменстан қыздары бір сатыға көтеріліп, осы додадағы жалғыз қола жүлделеріне қол жеткізді.

 

Жалпы командалық есепте Қазақстан атлеттері топ жарды. іздің құрама осы сында 10 медальға  (6 алтын, 1 күміс, 3 қола) қол жеткізді. Екінші орында – Үндістан атлеттері болса, үздік үштікті Сауд Арабиясы қорытындылады.

лимпиада чемпионы Ольга Рыпакова ұзындыққа және үш қарғып секіруден топ жарды. Сондай-ақ алтын алғандардың қатарында Иван Иванов (ядро серпу), Сергей Григорьев (сырықпен секіру), Виктория Зябкина (60 метрге жүгіру), Элина Михина (400 метрге жүгіру) бар.

Жалғыз күміс медаль үш қарғып секіруші Мария Овчинникованың еншісінде.

Қола жүлдеге Ольга Сафронова (60 метрге жүгіру), Анастасия Виноградова (60 тосқауылдар арқылы жүгіру), Михаил Литвин ( 400 метрге жүгіру) ие болды.

1.     Қазахстан             6          1          3          10

2.     Үндістан               5          2          1          8

3.     Сауд.Аравиясы   2          3          0          5

4.     Қатар                   2          1          1          4

5.     Таиланд              1          5          4          10

6      Вьетнам             1          3          0            4

Тізімге қайта оралу