Ашхабадта атой салған жеңіл атлеттер елге оралды

Ашхабадта атой салған жеңіл атлеттер елге оралды

Түркіменстан астанасы Ашхабад қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия ойындарында жеңіл атлетикадан 10 медаль жеңіп алған спортшылар бүгін елге оралды.

Астана уақыты бойынша 12:30-да Ашхабад-Алматы әуежайы бойынша елге оралған спортшыларды ҚР Жеңіл атлетика федерациясы мен Алматы қалалық жеңіл атлетика федерациясының қызметкерлері күтіп алды.

Делегация құрамында 14 жеңіл атлет және бас бапкер Григорий Егоров пен ҚР Жеңіл атлетика федерациясының спорттық директоры Александр Кощеев бар.


 Айта кетейік Ашхабадта  Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова ұзындыққа және үш қарғып секіруден топ жарды. Сондай-ақ алтын алғандардың қатарында Иван Иванов (ядро серпу), Сергей Григорьев (сырықпен секіру), Виктория Зябкина (60 метрге жүгіру), Элина Михина (400 метрге жүгіру) бар.

Жалғыз күміс медаль үш қарғып секіруші Мария Овчинникованың еншісінде.

Қола жүлдеге Ольга Сафронова (60 метрге жүгіру), Анастасия Виноградова (60 тосқауылдар арқылы жүгіру), Михаил Литвин ( 400 метрге жүгіру) ие болды.

Жеңіл атлеттер арасындағы жалпы командалық есепте Қазақстан бірінші орын алды. Біздің құрама осы сында 10 медальға  (6 алтын, 1 күміс, 3 қола) қол жеткізді. Екінші орында – Үндістан атлеттері болса, үздік үштікті Сауд Арабиясы қорытындылады.

Тізімге қайта оралу