Азия чемпионатына қатысқан атлеттерді әуежайдан күтіп алды (ФОТО)
289

Азия чемпионатына қатысқан атлеттерді әуежайдан күтіп алды (ФОТО)

Үндістанның Бхубанешвар қаласында өткен жеңіл атлетикадан XXII Азия чемпионатында жеңіске жеткен қазақстандық спортшылар елге оралды. Нью-Дели арқылы Алматыға ұшып келген атлеттерді әуежайдан Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы мен Алматы федерациясының қызметкерлері, БАҚ өкілдері және жанкүйерлер күтіп алды.

Бхубанешвардағы Азия чемпионатына Қазақстаннан 31 спортшы барды. Жерлестеріміз  8 медаль (4 алтын, 2 күміс, 2 қола) еншілеп, жалпы командалық есепте Үндістан мен Қытайдан кейінгі үшінші орынға қол жеткізді. Соңғы рет Қазақстан спортшы «Сары құрлық» додасында үшінші орынға 2002 жылы қол жеткізген болатын. Ал 4 алтынды соңғы рет 2007 жылы еншілеген.

Үндістанда әйелдер арасында 100 және 200 метрге жүгіруден Виктория Зябкина, үш қарғып секіруден Мария Овчинникова және 4х100 метрге командалық эстафетадан Қазақстан әйелдер құрамасы чемпион атанды. Сондай-ақ үш қарғып секіруші Ирина Эктова күміс медаль, Ольга Сафронова 100 метрде күміс, 200 метрде қола медаль еншілесе, ядро серпуші Иван Иванов қола жүлде  жеңіп алды.

Тізімге қайта оралу