XXVIII Ғ.Қосанов Мемориалы» халықаралық жарысы

Есептегіш

11

Күн
Алматы

Азия чемпионаты: Анастасия Виногродова мен Әйгерім Шыназбекова финалда

08.07.2017

Бек Төлеуов  
262
Азия чемпионаты: Анастасия Виногродова мен Әйгерім Шыназбекова финалда

Бүгін XXII Азия чемпионатының үшінші жарыс күнінде ерлер арасында 110 метрге және әйелдер арасында 100 метрге тосқауылдар жүгіруден іріктеу кезеңдері өтті.  Финалға 8 атлет жолдама алды.

Әйелдер арасында тек 10 қатысушы болды. Оның екеуі – қазақстандық. Еліміздің намысын Анастасия Виногродова мен Әйгерім Шыназбекова қорғап жатыр.

Іріктеу кезеңдерінде спортшылар екі топқа бөлінді. Әр топтан үздік үшеуі және уақыт көрсеткіштеріне байланысты тағы екеуі финалға өтті. Қазақстандық екі атлет бір топта жүгірді. Анастасия мәреге 13, 62 секундта жетсе, Әйгерімнің уақыт көрсеткіші – 13,88 секунд. Тиісінше, үшінші және төртінші орын. Әзірге ең үздік нәтиже – жапон қызы Аяко Кимураға тиесілі (13,55 сек).

Ал финалға шыққандардың арасында Виногродова алтыншы, Шыназбекова сегізінші орында тұр.

Финал Бхубанешвар уақыты бойынша 18:00-де басталады.

 Ерлер арасында өнер көрсеткен жалғыз жерлесіміз Вячеслав Земс 23 атлеттің ішінде тек 18-ші келді. Сөйтіп, финалға өте алмады. Бірінші орындағы кувейттік А-Алмандилуден 0,77 секундқа қалып қойды.

Тізімге қайта оралу