Азия чемпионаты: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
Бек Төлеуов  
309

Азия чемпионаты: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

Бүгін Үндістанның Бхубанешвардың қаласында басталған Азия чемпионатының алғашқы жарыс күні. Қазақстандық қыз-жігіттер бүгін 100, 400, 1500 метрге жүгіру және диск, найза лақтыру, сырықпен секіру сайыстары бойынша сынға түседі.

Найза лақтырудан 20 жастағы Шығыс Қазақстан облысының тумасы Варвара Назарова өнер көрсетеді. Варвара ересектер арасындағы құрлық біріншілігіне алғаш рет қатысайын деп отыр. Сол секілді дискобол маңғыстаулық Евгений Миловацкий, 400 метрге жүгіретін алматылық Андрей Соколов, 1500 метрге жүгіретін 22 жастағы Алексей Гусаровтар да  Азия чемпионатының дебютаны.

Бүгін Бхубанешвардағы Азия чемпионатында жарыс жолына шығатындардың қатарында әйеллдер арасында 400 метрге жүгіретін Элина Михина да бар. Бірақ Риддер қаласының тумасы соңғы кездері спорттық бабына ене алмай жүр. Мамыр мен маусым айында Қазақстан кубогы, Қазақстан чемпионаты, Ғ.Қосанов мемориалында көрсеткен нәтижесі көңіл көңшітерліктей емес.

Ал сырықпен секіруден ел намысын Данил Полянский қорғайды. Қарағандылық атлет үшін Азия чемпионаты – халықаралық аренадағы алғашқы жарысы болмақ.

Негізгі үміт спринтерлерге артылып отыр. Ерлер арасында 100 метрге жүгіретіндердің қатарында қарағандылық  Владислав Григорьевқа, әйелдер арасында Виктория Зябкина мен Ольга Сафроновадан қазақстандықтар жүлде күтеді. 

Тізімге қайта оралу