Жазғы Азия ойындары 2018

Есептегіш

8

Күн
Джакарта, Индонезия
Азия чемпионаты: Татьяна Нерознак финалға шықты
Бек Төлеуов  
275

Азия чемпионаты: Татьяна Нерознак финалға шықты

Бүгін Үндістанның Бхубанешвар қаласында басталған Азия чемпионаты басталды, Құрлық біріншілігінің алғашқы жарыс күнінде орта қашықтыққа жүгіретін қазақстандық Татьяна Нерознак іріктеу сынынан іркілмей өтіп, финалға шықты.

Әйелдер арасындағы 1500 метрде 15 қатысушы тіркелген. Ұйымдастырушылар атлеттерді екі топқа бөліп жүгіртті. Әр топтан үздік 4 желаяқ финалға жолдама алды. Сондай-ақ тағы төртеуі уақыт көрсеткіштеріне байланысты келесі кезеңге өтті. Іріктеуден тек 3 спортшы ғана аса алмады.

Қостанай облысының тумасы Татьяна Нерознак екінші топта жүгіріп, бірінші айналымнан кейін-ақ барлығының алдына түсті. Бірақ кейін жылдамдығын сәл бәсеңдетіп алды. Сөйтіп, мәреге төртінші келді. Жерлесіміздің уақыт көрсеткіші – 4:36.83 мин.

Жалпы, финалға шыққан 12 спортшының ішінде 10-орында тұр. 


Тізімге қайта оралу