XXVIII Ғ.Қосанов Мемориалы» халықаралық жарысы

Есептегіш

5

Күн
Алматы

Азия чемпионаты. Тосқауылдар арқылы жүгіруде топтан оза алмадық

08.07.2017

237
Азия чемпионаты. Тосқауылдар арқылы жүгіруде топтан оза алмадық Қазақстандық желаяқтар Анастасия Виноградова мен Әйгерім Шыназбекованың финалдық спринті

Бхубанешварда өтіп жатқан Азия чемпионатының тосқауылмен жүгіру бағдарламасында, өкінішке қарай, қазақстандық желаяқтар жақсы нәтиже көрсете алмады.

Басты үміт артарларымыз – Анастасия Виноградова мен Әйгерім Шыназбекова болған. Екеуі де финалдық кезеңге шыққанымен жүлделі орындардан тым алыс болды. Ал ерлер арасындағы бәсекеде Вячеслав Земс финалдық кезеңге де жолдама ала алған жоқ.

Қыздар арасында жарыс жолына барлығы 10 желаяқ шықты. Оның екеуі – қазақстандықтар Анастасия Виноградова мен Әйгерім Шыназбекова. 10 атлет бес-бестен екі топқа бөлініп, алдымен таңертеңгілік іріктеу жарысына қатысты. Настя мен Әйгерім бір топта еді. 13,62 және 13,88 секундтық көрсеткішпен аруларымыз сәйкесінше, өз топтарынан 3-ші және 4-ші болып мәре сызығын қиып, финалға шыққан сегіз атлеттің қатарынан орын алды. Онда да Шыназбекова Қытай Тайпейінен келген желаяқты небәрі бір милисекундқа озып кетті.

Ал кешкісін өткен финалдық жарыста Виноградова көрсеткішін сәл ғана жақсарта алды. Бірақ 13,59 секундтық көрсеткішпен бар болғаны алтыншы сатыдан көрінді. Шыназбекованың нәтижесі бұдан да нашарлау. Іріктеу кезеңіне қарағанда аздап бәсеңдеу болды да, 13,93 секундтық көрсеткішпен финалдық жарыста мәреге соңғы болып жетті.

Ерлер арасында қазақстандықтардан бәйгеге Вячеслав Земс түскен. 110 метрге тосқауылдар арқылы жүгірген жерлесіміз 14,4 секундтық көрсеткішпен өз тобында сегіз спортшының ішінде жетінші орын алғанымен Азия чемпионатына келген 23 желаяқтың ішінде бар болғаны 18-ші орыннан көрінді. Бас жүлде кувейттік А-Алмандилдің еншісінде.

Азия чемпионаты. Тосқауылдар арқылы 100 метрге жүгіру (қыздар): 1. Чон Хелим (Корея) – 13,16 сек.
 2. Аяко Кимура (Япония) – 13,30 сек.
 3. Ван Ду (Китай) – 13,36 сек. …
6. Анастасия Виноградова (Казахстан) – 13,59 сек.
 … 8. Айгерим Шиназбекова (Казахстан) – 13,93 сек.

Тізімге қайта оралу