XXVIII Ғ.Қосанов Мемориалы» халықаралық жарысы

Есептегіш

5

Күн
Алматы

Азия чемпионаты: Владислав Григорьев жартылай финалға шықты

08.07.2017

Бек Төлеуов  
229
Азия чемпионаты: Владислав Григорьев жартылай финалға шықты

Қарағандылық атлет Владислав Григорьев 200 метрге жүгіруден іріктеу сыңында іркілмей өтіп, жартылай финалға жолдама алды.

Жалпы, хаттамаға 27 спортшы тіркелген екен. Олар төрт топқа бөлінді. Жартылай финалға әр топтың үшеу және сондай-ақ уақыт көрсеткіштеріне байланысты тағы үздік төртеуі өтті. Жалпы, барлығы 16 адам.

Григорьев екінші топпен бірге жүгіріп, тек Қытайдың Тайбэйінен келген Янг Шун-Ханға есе жіберді. Жерлесіміздің уақыт көрсеткіші – 21,10 секунд. Қазақсандық 16 атлеттің ішінде жетінші орында тұр. Әзірге бұлардың ішінде ең жылдамы 100 метрге жүгіруден кеше күміс медаль жеңіп алған катарлық Феми Огуноде (20,79).

Ерлер арасында жартылай финал ертең таңертең Бхубанешвар уақыты бойынша 9:200-да басталады. Оның алдында 30 минут бұрын қыздар арасында 200 метрге жүгіретіндердің іріктеу кезеңі өтеді. Қазақстан құрамасы сапынан Ольга Сафронова мен Виктория Зябкина жүгіреді. Алғашқысы Лондондағы әлем чемпионатының нормативін орындауға талпынып көреді.

Тізімге қайта оралу