Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

2

Күн
Дунгань, Қытай

24.04.2017

Бек Төлеуов  
146
Азия Гран-приі басталды Азия Гран-приі, Регина Қайсарова, Әйгерім Шыназбекова, Роман Валиев

Бүгін Қытайдың Цзиньхуа қаасында Азия Гран-приінің бірінші кезеңі басталады. Одан кейін Гран-при 27 сәуірде  Цзясинда , 30 сәуірде Тайбэйде жалғасады. Сарықұрлықтың Гран-приіне Қазақстаннан 16 атлет қатысады.

Жалпы спортшылар 18 бағдарлама бойынша сынға түседі. Оның ішінде тоғызы ерлер арасында, қалған тоғызы әйелдерге арналған. Біздің елдің намысын қорғайтындардың қатарында Михаил Литвин (400 метрге жүгіру), Роман Валиев (үш қарғып секіру), Юрий Дергачев (биіктікке секіру), Иван Иванов (ядро серпу), Виктория Зябкина, Ольга Сафронова (100 метрге жүгіру, эстафета 4х100 м), Римма Кашафутдинова, Светлана Голендова, Анастасия Тулапина, Юлия Рахманова (эстафета 4х100 м), Элина Михина (400 метрге жүгіру), Анастасия Пилипенко (Виноградова), Әйгерім Шыназбекова (100 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру), Регина Қайсарова, Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру), Мария Телушкина (диск лақтыру).

Айта кетейік, Азия Гран-Приі 2002 жылдан бастап өткізіліп келеді. Осы жылдардың ішінде Қазақстан спортшыларының арасынан Елена Кошеева, Роман Валиев, Евгений Эктов, Евгений Мелешенко, Маргарита Мукашева Анастасия Пилипенко, Виктория Зябкина, Наталья Ивонинская, Марина Масленко, Анна Устинова, Анастасия Сопрунова, Ольга Цыкунова (Терешкова), Иоланта Ульева ең көп жүлдеге іліккен спортшылар.

Бірінші кезең Қытайдағы жергілікті уақыт сағат 16:30-де басталады. Алдымен жарыс қолына қыздардан 100 метрге жүгіретінде шығады. Қазақстандық жанкүйерлер Виктория Зябкина мен Ольга Сафроноваға сенім артады.

Тізімге қайта оралу