Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

6

Күн
Дунгань, Қытай

Азия жеңіл атлетика қауымдастығының кеңесі Амманда өтеді

13.11.2017

59
Азия жеңіл атлетика қауымдастығының кеңесі Амманда өтеді

16 қараша күні Иордания астанасы Амман қаласында 16 қараша күні Азия жеңіл атлетика қауымдастығының кеңесі өтеді.

Жиында біраз мәселелер көтерілетін болады. Оның ішінде келесі жылы өтетін құрлықтық жарыстар да қарастырылады.

Әзірге 2018 жылғы Азия Гран-приі қайда өтетіні анықталмаған. Жыл сайын бұл Гран-при тұрақты түрде үш кезеңнен өткізіліп тұрады. Жазғы маусымды ашатын үш кезең 28 сәуір, 2 және 5 мамыр күнге жоспарланған. Алайда қабылдайтын қалалар белгісіз. Бұған дейін бір кезеңін қабылдауға Филиппин жеңіл атлетика федерациясы құлшыныс білдірген еді. Ал қалған екеуін өткізу жөнінде Гонгонг пен Макао федерацияларымен келіссөз жүргізілуде. Одан бөлек наурыз айында өтетін кросстан Азия чемпионаты да қайда ұйымдастырылатыны шешілмеген. Сондай-ақ 2018 жылғы Аргентинадағы жасөспірімдер арасындағы Олимпиадасының іріктеу кезеңіндерін қашан өткізу керектігін осы кеңесте талқылайды.

Айта кетейік, Азия кеңесі жыл сайын екі реттен өтіп тұрады. Былтырғы жылы сары құрлық өкілдері Таиланд астанасы Бангокта бас қосқан болатын.кеңеске 18 ел мүше. Оның ішінде Қазақстанда бар.

 

Тізімге қайта оралу