Азия ойындарында ең көп алтын жүлде еншілеген – жеңіл атлеттер Суретте - 2014 жылы екі дүркін Азия ойындарының жеңімпазы атанған Маргарита Мұқашева (800 метрге жүгіру)
Бек Төлеуов  
161

Азия ойындарында ең көп алтын жүлде еншілеген – жеңіл атлеттер

Қазақстанның олимпиадалық құрамасы үшін жылдың басты спорттық жарысы да жақындап қалды. Яғни 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Индонезияның Жакарта қаласында жазғы Азия ойындары өтеді.

Байрақты бәсекеге Қазақстан жеңіл алеттері де қатысады. «Спорт падишасының» өкілдері әр жылдары сары құрлық ойындарынан бірнеше медальды уыстап алып келетін. Бұл жолы да сол тұғырдан түспейді деп үміттенеміз.

1994 жылдан бері Қазақстан қоржынына ең көп алтын жүлдені сыйлаған жеңіл атлеттер екен. 1994-2014 жылдар аралығында Қазақстан жеңіл атлеттері Азия ойындарында жалпы саны 61 медаль жеңіп алған. Оның ішінде 22-сі алтын, 21-і күміс,18-і қола.

Екінші орында байдарка және каноэ есушілер. Олардың еншісінде 50 медаль бар (21 алтын,16 күміс, 13 қола). Үштікті нысана көздеушілер қорытындылап тұр (18 алтын, 23 күміс, 29 қола).

Азя ойындарында жеңіл атлеттерден Олег Сакиркин (1994, үш қарғып секіру), Ольга Шишигина (1994 және 1998 жылдары, 100 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру), Игорь Потапович (1994 және 1998 жылдары, сырықпен секіру), Сергей Корепанов (1994, спорттық жүріс), Сергей Арзамасов (1998, үш қарғып секіру), Наталья Торшина (1998 және 2002 жылдары, 400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру), Валерий Борисов (2002, 20 шақырымға спорттық жүріс), Григорий Егоров (2002, сырықпен секіру), Дмитрий Карпов (2006 және 2010 жылдары, онсайыс), Ольга Терешкова (2006, 400 метрге жүгіру), Марина Аитова (2006, биіктікке секіру), Ольга Рыпакова (2006, 2010, 2014 жылдары, жетісайыс пен үш қарғып секіру), Маргарита Мұқашева (2010 және 2014 жылдары, 800 метрге жүгіру), Ольга Сафронова (2014, 200 метрге жүгіру) топ жарған.

Тізімге қайта оралу