Азия ойындарының алтынына үмітті үш қарғып секірушілер

Азия ойындарының алтынына үмітті үш қарғып секірушілер

Жакартадағы Азия ойындарында әйелдер арасындағы үш қарғып секірудің басты жүлдесіне үміткер спортшылар арасында екі қазақстандық атлет бар.

Осыған дейін бұл сайыс түрінен 2010, 2014 жылдары Ольга Рыпакова ешкімге дес берген жоқ. Осы жолы да Олимпиада чемпионы бас жүлде үшін бара жатқаны анық. Рыпакованың биылғы маусымдағы үздік көрсеткіші – 14.25 метр. Отандасымыз бұл нәтижесін Ослодағы «Гауһар лигада» тіркеген.

Екінші орында Таиланд спортшысы Паринья Чуаймароенг тұр.Оның көрсеткіші –14.17 метр.

Айта кетейік, Чуаймароенг бұл нәтижесін Тайбэйдегі ашық чемпионатта тіркеген. Үштікті Ирина Эктова қорытындылап тұр. Ол Алматыдағы Ғұсман Қосанов Мемориалында 14.07 метрге секірген болатын.

Ирина көптен бері 14 метрден аса алмай жүрген. Мысалы, былтырғы үздік көрсеткіші 13.77 метр болған. Ал жеке рекорды 2011 жылы тіркелген (14.48 метр).

Ирина Эктова 2014 жылы жазғы Азия ойындарында қола жүлде еншілеген. Биылда кемі сол межеден төмендемейді деп үміттенеміз.

Үш қарғып секіру сайысы 30 тамыз күні өтеді.

Тізімге қайта оралу