Жазғы Азия ойындары 2018

Есептегіш

10

Күн
Джакарта, Индонезия
Ертең Азия ойындарына қатысқан атлеттер елге оралады
217

Ертең Азия ойындарына қатысқан атлеттер елге оралады

Түркіменстан астанасы Ашхабад қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия ойындарында жеңіл атлеттердің сайысы аяқталды. Қазақстан құрамасы 10 медальмен командалық есепте бірінші орын алды.

Ашхабадтағы Азия ойындарында жеңіл атлеттердің сайысы үш күнге жалғасты.18-20 қыркүйек аралығында 26 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

Қазақстанның атынан Түркіменстанда 14 атлет өнер көрсетті. Ерлер – ядро серпу, сырықпен секіру, биіктікке секіру, 400 метрге жүгіру, 4х400 метрлік эстафета; әйелдер – ұзындыққа секіру, үш қарғып секіру, 60 метрге жүгіру, 400 метрге жүгіру, 60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру және 4х400 метрлік эстафета сайыстары бойынша қатысты.

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова ұзындыққа және үш қарғып секіруден топ жарды. Сондай-ақ алтын алғандардың қатарында Иван Иванов (ядро серпу), Сергей Григорьев (сырықпен секіру), Виктория Зябкина (60 метрге жүгіру), Элина Михина (400 метрге жүгіру) бар.

Жалғыз күміс медаль үш қарғып секіруші Мария Овчинникованың еншісінде.

Қола жүлдеге Ольга Сафронова (60 метрге жүгіру), Анастасия Виноградова (60 тосқауылдар арқылы жүгіру), Михаил Литвин ( 400 метрге жүгіру) ие болды.

Жеңіл атлеттер арасындағы жалпы командалық есепте Қазақстан бірінші орын алды. Біздің құрама осы сында 10 медальға  (6 алтын, 1 күміс, 3 қола) қол жеткізді. Екінші орында – Үндістан атлеттері болса, үздік үштікті Сауд Арабиясы қорытындылады.

Ел мерейін асырған атлеттер 22 қыркүйек күні Алматы әуежайы арқылы елге оралады. Ұшақтың қону уақыты – 12:30 (Астана уақыты бойынша).

Тізімге қайта оралу