Азия ойындарында жеңіл атлеттер қандай сайыс түрінен қатысатыны анықталды
82

Азия ойындарында жеңіл атлеттер қандай сайыс түрінен қатысатыны анықталды

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Азия ойындарында кім қандай сайыстан қатыстанын толығымен анықталды. Бұған дейін кейбір спортшы екі қашықтықта жүгіреді деп жоспарланнан кейін нақты бір сайыс түріне күш салатыны белгілі болды.

Қарағандылық Владислав Григорьев 100 метрге жүгірмейтін болды. Ол енді жекелей сында 200 метрге сосын командаластарымен бірге эстафетаға қатысады. Сол секілді Алексей Гусаров та бар күшін 1500 метрге салады. Мұның алдында Гусаров 800 метрге жүгіруден де бағын сынайды деп жоспарланған. Жыл басында қостанайлық Татьяна Нерознак 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден өнер көрсетуге дайындалған болатын. Бірақ ол бұл сайыс түрінен биыл ешқандай жарысқа қатысқан емес. Сондықтан тәжірибесінің аздығына байланысты тек 1500 метрге жүгіруден жүлдеге таласып көрмекші. Жазғы маусымда көзге көп түспеген Светлана Голендова жекелей сында жарыс жолына шықпайды. Жамбыл облысының тумасы эстафетада әріптестеріне көмектесумен шектелмек. Ольга Рыпакова мен Ирина Эктова ұзындыққа секіруден секторға шықпайды. Екеуі де үш қарғып секірудің бас жүлдесіне таласуды ниет етіп отыр.

Сонымен нақтысы мынандай:

Ерлер

1.Виталий Земс (1996 ж.,Қарағанды облысы)  – 100 метрге жүгіру, 4х100 метрлік эстафета;

2.Александр Каспер (1994 ж., Астана) – 100 метрге жүгіру, 4х100 метрлік эстафета;

3.Владислав Григорьев (1997 ж.,Қарағанды облысы) – 200 метрге жүгіру, 4х100 метрлік эстафета;

4.Вячеслав Земс (1998 ж.,Қарағанды облысы) – 110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, 4х100 метрлік эстафета;      

5.Давид Ефремов (1999 ж.,Қарағанды облысы) – 110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, 4х100 метрлік эстафета;

6.Михаил Литвин (1996 ж.,СҚО) – 400 метрге жүгіру, 4х400 метрлік эстафета, 4х400 метрлік аралас эстафета;

7.Андрей Соколов (1995 ж., ШҚО) – 400 метрге жүгіру, 4х400 метрлік эстафета, 4х400 метрлік аралас эстафета;

8.Дмитрий Коблов (1992 ж., Түркістан облысы) – 400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, 4х400 метрлік эстафета, 4х400 метрлік аралас эстафета;

9.Иван Иванов ( 1992 ж., Алматы облысы) – ядро серпу;

10.Никита Филиппов (1991 ж., Алматы) – сырықпен секіру;

11.Сергей Григорьев (1992 ж., Алматы) – сырықпен секіру;

12.Георгий Шейко ( 1989 ж., БҚО) - 20 шақырымға спорттық жүріс;

13.Михаил Красилов (1990 ж., Жамбыл облысы) – марафон;

14.Алексей Гусаров (1995 ж., Алматы) –1500 метрге жүгіру;

15.Антон Боднар (1992 ж., Түркістан облысы) – биіктіккке секіру;

Әйелдер

1.Виктория Зябкина ( 1992 ж., Алматы) –100 және 200 метрге жүгіру, 4х100 метрлік эстафета;

2.Ольга Сафронова (1991 ж., Павлодар облысы) –100 және 200 метрге жүгіру, 4х100 метрлік эстафета;

3.Анастасия Виноградова (1986 ж., Алматы ) – 110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру;

4.Рима Кашафутдинова (1995 ж.,Қарағанды облысы) – 4х100 метрлік эстафета;

5.Әйгерим Шыназбекова (1992 ж., Алматы) – 110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру;

6. Аделина Ахметова (1998 ж.,Қарағанды облысы) – 400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, 4х400 метрлік эстафета;

7. Элина Михина (1994 ж., ШҚО) – 400 метрге жүгіру, 4х400 метрлік эстафета, 4х400 метрлік аралас эстафета;

8. Светлана Голендова (1993 ж., Жамбыл облысы) –4х400 метрлік эстафета, 4х400 метрлік аралас эстафета;

9. Любовь Ушакова (1997 ж.,Қарағанды облысы) - 4х400 метрлік эстафета, 4х400 метрлік аралас эстафета;

10. Мерджен Ишангулиева (1988 ж., Қостанай облысы) – 400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, 4х400 метрлік эстафета;

11. Ольга Рыпакова (1984 ж., ШҚО) – үш қарғып секіру;

12. Ирина Эктова (1987 ж., СҚО) – үш қарғып секіру;

13. Надежда Дубовицкая (1998 ж., ШҚО) – биіктікке секіру;

14. Маргарита Мұқашева (1986 ж., СҚО) - 800 метрге жүгіру , 4х400 метрлік эстафета;

15. Татьяна Нерознак (1989 ж., Қостанай облысы) – 1500 метрге жүгіру;

16. Гүлжанат Жанатбек (1991 ж., Алматы облысы) – марафон;

17. Айман Ратова (1991 ж., Алматы облысы) – 20 шақырымға спорттық жүріс;

18. Диана Айдосова (1995 ж., Алматы) – 20 шақырымға спорттық жүріс.

Тізімге қайта оралу