Азия ойындары-2018:  Виктория Зябкинаның мүмкіндігі қандай?
49

Азия ойындары-2018: Виктория Зябкинаның мүмкіндігі қандай?

Индонезиядағы жазғы Азия ойындары 18 тамыз күні басталып кетті. Әзірге жеңіл атлеттер жарыс жолына шыққан жоқ. «Спорт падишасының» өкілдерінің сайыстарына 25-30 тамыз аралығында куә боламыз.

Қазақстан сенім артатын спортшылардың арасында Виктория Зябкина да бар. Ол биыл Алматыдағы Ғұсман Қосановты еске түсіруге арналған Мемориалда 200 метрге жүгіруден Азияның осы маусымдағы үздік нәтижесін тіркеді. 25 жастағы атлет мәреге 22.73 секундта жетті. Ал 100 метрге жүгіруден ол 11.20 секундпен үшінші орында тұр.

Зябкина спорттық карьерасында 200 метрге бұдан жылдам тек бір рет ғана жүгірген. Ол 2016 жылы дәл осы турнирде.

Алматылық атлет жазғы Азия ойындарына 2014 жылы да қатысқан. Бірақ ол кезде жекелей сайыста жүлдеге іліккен жоқ. Есесіне, әріптестерімен бірге 4х100 метрлік эстафетада күміс жүлдеге ие болды. Дегемен, сол Инчхоннан кейін Викторияның жұлдызы жана бастады. 2015 жылы Пекиндегі әлем чемпионатында жартылай финалға шықты. Сол жылы Чеджудегі Универсиада ойындарында үш дүркін чемпион атанды. Былтыр Үндістан Азия чемпионатында да ешкімге есе жіберген жоқ. Ендігі кезек Азия ойындарына келіп отыр. Оның үстіне спортшы қазір нағыз бабында. Ендеше, Жакартада жерлесімізге сәттілік тілейміз!

Тізімге қайта оралу