50

Азиада-2018: Гүлжанат Жанатбек марафоннан ондыққа іліге алмады

Бүгін, жеңіл атлетикадан жазғы Азия ойындарында екінші сайыс күні. Жарыс күнін қыздар арасындағы марафоншылар ашып берді. Қазақстаннан Гүлжанат Жанатбек қатысты.

Ұйымдастырушылар марафоншылардың жағдайын ойлап, күн ысығанша жүгіріп өтсін деп, ерте бастаған. Әйтпесе, қазір Индонезия күн аптапты ыстық. Бірақ соның өзінде спортшылардың көрсеткіші жоғары болмады. Тіпті, 2017 жылы әлем чемпионы атанған Бахрейн атлеті Роуз Челиме жеңіске жеткенімен, көрсеткіші айтарлықтай жоғары емес. Ол мәреге – 2:34:51 сағатта жетті. Екінші орын жапониялық Кейко Ногамидің еншісінде (2:36:27).Үштікке Солтүстік Кореядан барған Ким Хью Сонг ие болды – 2:37:20 .

Қазақстандық атлет Гүлжанат Жанатбек көмбеге 14-болып жетті. Нәтижесі жоғары емес – 2:56:49.

Егер, Гүлжанат осыдан үш жыл бұрынғы жеке рекордын қайталағанда (2:38:36) алғашқы бестікте болушы еді...

Жалпы, марафоннан әйелдер арасында Азия ойындарына 11 елден 19 спортшы қатысты.

Тізімге қайта оралу