Азиада-2018: Марафоншы Михаил Красилов мәреге жете алмады
41

Азиада-2018: Марафоншы Михаил Красилов мәреге жете алмады

Бүгін, 25 тамызда Индонезияның Жакарта қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіл атлетика сайыстары басталды. Алдымен, жарыс жолына ерлер арасындағы марафоншылар шықты. Қазақстанның намысын Михаил Красилов қорғады.

Марфоншылардың старты «Гелора Бунг Карно» стадионының алдында басталды. Жалпы саны 13 елден 21 қатысушы болды. Алғашы 15 шақырымды жүгіріп өткенде, Красилов 14-ші болып келе жатқан. Спортшы бастапқы 30 шақырымда 14-17 арасындағы орынды ұстап отырды. Өкінішке қарай, мәреге 10 шақырымдай қалғанда жерлесіміз жолдан шығып кетті. Сөйтіп, соңына дейін жете алмай қалды.

Марафонннан ерлер арасында Азия ойындарында жапониялық Хирото Иною топ жарды. Оның уақыт көрсеткіші – 2:18:22 сағат. Екінші орын бахрейндік Элхассан Элабассиге бұйырды (2:18.22 сағ). Үштікте қытайлық Дуо Буцзе бар (2:18.48).

Тізімге қайта оралу