Қазақстанға «Гауһар лига» кезеңінің ұйымдастырушылары келеді

Қазақстанға «Гауһар лига» кезеңінің ұйымдастырушылары келеді

10-11 сәуір күндері Өскемен қаласында ҚР жеңіл атлетика федерациясының қолдауымен Altay Athletics кәсіби клубы халықаралық спорттық семинар өткізеді.

Семинарда екі тақырып қозғалады. Біріншісі – жеңіл атлетикадағы бүкіләлемдік спорттық жүйе. Екіншісі – жеңіл атлетикадағы тұрақтылықты қалыптастыру. Спикер ретінде «Цюрих» клубының директорылар Швейцариядағы «Гауһар лиганың» финалдық Weltklasse Zurich кезеңінің ұйымдастырушысыАндреас Хедигер мен Кристоф Йохо шақырылып отыр.

Семинардың бағдарламасында екі дәріс сабағы, талқылау, жұмыс тобымен тәжірибе алмасу қарастырылған. Спикерлер Еуропадағы балалар жеңіл атлетикасын дамытудағы үздік жобалалардың бірі – UBS Kids Cup туралы баяндайды. Оның құрылымын, әдістемесін, таланттарды іздеу, жаттығу жұмыстары қалай жүргізілгенін қазақстандық мамандарға түсіндіретін болады. Ал талқылау кезінде «Қазақстанның жеңіл атлетикасындағы спорттық жүйе» қозғалады.

Андреас Хедигер мен Кристоф Йохо жеңіл атлетикадағы танымал тұлғалар. Екеуі 2015 жылдан бері Weltklasse Zurich клубының со-директорын қызметін атқарып жүр.

Семинарға қазақстандық жаттықтырушылар, спорт менеджерлері қатысады.

Тізімге қайта оралу