Қазақстандық «Дискоболдар» – Қосанов мемориалының жеңімпазы

27.06.2017

Бек Төлеуов  
101
Қазақстандық «Дискоболдар» – Қосанов мемориалының жеңімпазы Суретте - Мария Телушкина. Фото авторы - Ізтұрған Алдауов

Алматыда өткен Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық мемориалдың диск лақтыру бағдарламасында қазақстандық спортшылар топ жарды.

Әйелдер арасында 2016 жылғы Рио Олимпиадасының қатысушысы Мария Телушкина жеңіске жетті. Ол Өзбекстан және Бахрейннен келген атлеттерден басым түсті. Марияның көрсеткіші – 53,03 метр. Телушкина 12-14 маусымда өткен Қазақстан чемпионатында 54,08 метрге лақтырып еді. Бұл жолы нәтиже төмен болды.

Ал ерлер арасындағы сайыста 6 спортшы бақ сынасты.  Үздігі қазақстандық – Евгений Миловацкий. Жерлесіміз – 56,76 метрге жеткізді. Ел чемпионатында Женя  55,21 метрден аса алмаған болатын. Күміс жүлде өзбекстандық Сергей Дементьев бұйырса, қола жүлде тағы бір қазақстандық

Александр Мамонтовтың еншісінде кетті.

Айта кетейік, осымен 27-ші рет ұйымдастырылған Ғұсман Қосанов мемориалы 24-25 маусым күні Алматы қаласында өтті.

 Ғ.Қосанов мемориалы. 25 маусым.

Диск лақтыру

Ерлер:

Евгений Миловацкий (Қазақстан) – 56,76 метр
Сергей Дементьев (Өзбекстан) – 52,41 метр
Александр Мамонтов (Қазақстан)  – 50,38 метр

Әйелдер:

Мария Телушкина (Қазақстан) –53,03 метр
Светлана Прошкина (Өзбекстан) – 42,31 метр
Джасим Нура (Бахрейн) – 41,82 метр

Тізімге қайта оралу