Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

3

Күн
Дунгань, Қытай

Қазақстандық атлеттер Бхубанешвардағы алғашқы жаттығуын өткізді

05.07.2017

102
Қазақстандық атлеттер Бхубанешвардағы алғашқы жаттығуын өткізді

Жеңіл атлетикадан Қазақстан делегациясы 3 шілде күні Азия чемпионаты өтетін Үндістанның Бхубанешвар қаласына келіп жеткен болатын. Кеше спортшылар алғашқы жаттығуларын жасады.

Делегацияның көңіл күйі керемет, барлығы да өз мүмкіндіктеріне сәйкес жақсы нәтиже көрсетуге тырысатындарын айтып жатыр. Азия құрлығында қыздар арасында 100 және 200 метрге жүгіру бойынша  басты фавориттер  Виктория Зябкина мен Ольга Сафронова кеше жүгіруге байланысты жаттығуларын жасады. Норматив орындауды жоспарлап отырған Сафронова жаттығу залына кіріп, бұлшық еттерін шынықтырды.

Айта кетейік, сары құрлықтың үздік атлеттері 6-9 шілде аралығында Үндістанның Бхубанешвар қаласында сынға түседі. Осымен XXII рет ұйымдастырылып отырған Азия чемпионатында 42 медаль жиынтығы сарапқа салынады.Азия чемпионатына 45 елден 800 атлет келді. Қазақстаннан 31 спортшы барған болатын. Оның ішінде 13-і ерлер, 18-і әйелдер. Біріншіліктің бағдарламасына марафон мен спорттық жүрістен басқа олимпиадалық сайыстардың барлығы енгізілген. Бұл екі спорт түрі жеке өткізіледі.

Тізімге қайта оралу