Қазақстандық атлеттер Германия және Қырғызстандағы жарысқа қатысады

Қазақстандық атлеттер Германия және Қырғызстандағы жарысқа қатысады

Бүгін қазақстандық жеңіл атлеттердің қатысуымен көрші Қырғызстан мен Германиядағы турнирлерге қатысады.

Бүгін Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында ұзындыққа секіруден Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Татьяна Колпакованың жүлдесіне арналған дәстүрлі халықаралық жарыс өтеді. Осымен XXI рет ұйымдастырылып отырған жарысқа елімізден 84 атлет аттанып кетті. Дода екі күнге жалғасады. Былтырғы жылы ерлер құрамасы 13 медаль, қыздар құрамасы 18 медаль жеңіп алған.

Осы жолғы өнер көрсететін 84 спортшының арасында жазғы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы Маргарита Мұқашеваны ерекше айта кетуге болады. Рио Олимпиадасынан кейін ата атанып, спорттан біраз қол үзіп қалған болатын. Енді, міне, кезекті Азия ойындарына дайындалып жатқан тәжірибелі спортшы Колпакова турнирінде бақ сынап көруді жөн көріпті. Мұқашеваның өзіне үйреншікті 800 метрге жүгіреді. Сондай-ақ жарақатына байланысты біраз уақыт спорттан қол үзіп қалған спринтер Юлия Рахманова да бар.

Өзге танымал спортшылардан Анастасия Тулапина (100, 200 метрге жүгіру), Рима Кашафутдинова (100, 200 метрге жүгіру),Ирина Эктова (үш қарғып секіру), Анастасия Виноградова (100 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру), Мерджен Ишангулиева (400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру), Иван Иванов (ядро серпу), Рүстем Алмағамбетов (100 метрге жүгіру), Андрей Соколовтарды (400 метрге жүгіру) айтуға болады.

Ал «Алтай Атлетикс» клубының үш спортшысы Германиядағы халықаралық жарысқа қатысады.

Михаил Литвин (400 метрге жүгіру) мен Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру) Еуропа жеңіл атлетика қауымдастығының ұйымдастыруымен өтетін Реде қаласындағы «48 International Leichtathletik Rhede Meeting» жарысында өнер көрсетеді. Әйгерім Шыназбекова (100 метрге тосқауылдар арқылы жүргіру Падеборн қаласындағы International Pader – Leichatletik Meeting турнирінде бақ сынайды.Спортшыларды клуб бапкер Иван Хижняков бастап барды.

Тізімге қайта оралу