Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

3

Күн
Дунгань, Қытай

Қазақстандық атлеттер марафоннан Азия чемпионатына қатысады

09.10.2017

107
Қазақстандық атлеттер марафоннан Азия чемпионатына қатысады

Қазақстандық марафоншылар Қытайдың Донггуан қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысады.

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы жаттықтырушылар кеңесінің шешімімен құрлық біріншілігіне Дана Айдосова, Алексей Гусаров (екеуі де – Алматы), Әмір Байтуқанов (ШҚО) баратын болды.

Дана Айдосова биылғы маусымда бірнеше халықаралық жарыстарда өнер көрсетті. Бірақ ол кезде Дана спорттық жүрістен қатысқан еді. Дегенмен кейіннен спортшы ұзақ қашықтыққа жүгіруге ауысты.

Алексей Гусаров биылғы жылы республикалық жарыстардың барлығында 1500 метрге жүгіруден чемпион атанған еді. 17 қыркүйекте «Астана» марафонында 21 шақырымға жүгіруден чемпион атанды. Уақыт көрсеткіші ­ –1.14.31 сағат.

Алматылық Айдосова мен Гусаров Михаил Сорокивскийден тәлім алады. Ал Әмір Байтуқановтың жаттықтырушысы ­ –Александр Кругликов.

 Спортшыларды Қытайға Михаил Сорокивский алып барады. Азия чемпионаты 26 қарашада басталады. Бұл сынға танымал қазақстандық марафоншы Гүлжанат Жанатбек қатыспайтын болды.

Тізімге қайта оралу