Қазақстандық спортшылар Бхубанешварға келіп жетті

05.07.2017

190
 Қазақстандық спортшылар Бхубанешварға келіп жетті

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Үндістанның Бхубанешвар  қаласына келіп жетті. Енді олар 6-9 шілде аралығында осы қалада өтетін XXII Азия чемпионатына қатысады.

Қазақстанның делегациясы Үндістанға үшке бөлініп келді. Алдымен Астана-Дели-Бхубанешвар бағытымен ұшқандар жетті. Бұл рейсте 8 спортшы бар болатын.  Спринтер Виктория Зябкина мен Юлия Рахманова өздерің қауіпсіз сезінген болар. Өйткені екі аруымызбен бірге ірі денелі, ядро серпуші Иван Иванов ұшты. Бхубанешвар әуежайында ұйымдастырушылар Ивановты үлкен құрметпен күтіп алды.

Бұл топта «қарағандылық диаспора» спринтер Владислав Григорьев, ұзындыққа секіруші Александр Киселев, 110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіретін Вячеслав Земс, үш қарғып секіруші Мария Овчинникова болды.

Бұлардан бөлек, тағы екі топ Бхубанешварға 3 маусым күні кешкісін жетті. Бір топ Алматыдан, екіншісі Астанадан ұшты. Ал Бхубанешварға олар Делиде арқылы бірге келді. Соңғы рейсте Ольга Сафронова, Әйгерім Шыназбекова, Элина Михина секілді жеңіл атлетикадағы сұлуларымыз бар болатын. Алғашқысынан мамандар мен жанкүйерлер үлкен үміт күтіп отыр. Өйткені Ольга үшін әлем чемпионатының алдындағы соңғы жарыс. Егер Азия чемпионатында 200 метрге жүгіруден норматив орындаса, 5-13 тамыз аралығында Лондондағы әлем чемпионатына қатысады.

Тізімге қайта оралу