Қазақстанда классикалық жүгіруден алғаш рет «Метеор» жобасы өтеді

Қазақстанда классикалық жүгіруден алғаш рет «Метеор» жобасы өтеді

Қазақстанда алғаш рет классикалық жүгіру сайыстарынан «Метеор» жобасы өтеді. Жарыс 4-5 қараша күні Алматыда қаласында өтеді деп жоспарланған.

Бұл спорттық іс-шараға әуесқойлар және кәсіби спортшылар да қатыса алады. Ниет білдірушілер 400, 800, 1500, 3000 метрге және 4х400 метрлік эстафетаға жүгіруге болады. Сондай-ақ «шведтік» эстафета бар.

4 қараша күні іріктеу сайыстары өтеді. Ал финал 5 қарашаға жоспарланған. Стартқа 14 жасқа толған кез келген адамның қатысуына болады. Бір адамның бірнеше дисциплинаға жүгіруіне мүмкіндік қарастырылған.

Жарыс «Алматы Арена» стадионында өтеді. Одан бөлек жеңіл атлетика бапкерлерінің қатысумен бұқаралық шеберлік сағаты ұйымдастырылады. Бұл шара 29 қазанға жоспарланған.

– Біз осындай жарысты жылына үш рет өткізуді жоспарлап отырмыз. Қатысушылар саны 200 адамнан аспауы тиіс. Егер алғашқы жобамызға 80 адам қатысса да жақсы нәтиже деп ойлаймын. Тіркелгендердің барлығына нөмір беріледі. Ал жеңімпаздар медальдармен марапатталса, қалғандарына естелік сыйлық үлестіріледі. Жүгіру ақылы. Бағасы 2000 теңге тұрады, – дейді «Метеор» жобасының үйлестірушісі Наталья Попова.

Тізімге қайта оралу