Қазақстанда жеңіл атлетикамен 11 мың адамнан астам адам айналысады
206

Қазақстанда жеңіл атлетикамен 11 мың адамнан астам адам айналысады

Бүгін Астанада ҚР жеңіл атлетика федерациясының кезектен тыс конференциясы өтті. Жиын барысында баяндама жасаған ұлттық құраманың бас бапкері Григорий Егоров 2017 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылады.

– Биылғы маусым өте тартысты, мазмұнды болды. Жеңіл атлетика – нағыз бұқаралық спорт. Елімізде бүгінгі таңда 11 мыңнан астам адам жеңіл атлетиканың әрбір түрімен айналысады. Бұл статистика спорт мектептерінде тіркелгендердің есебінен алынған. 2000-ға жуық спортшы Қазақстан чемпионаттарына қатысады. Дәл қазіргі таңда ұлттық штаттық командада 34 кәсіби спортшы бар. Біздің мақсат 2020 жылға дейін 50 спортшыға дейін көбейту. Бірақ инфрақұрлым көп жағдайда қиындық туындырады. Тек Алматыда орталық стадионға халықаралық талаптаға сай келеді. Федерация бұл мәселемен бүгінгі таңда белсенді айналысып жатыр, – дейді Григорий Егоров.

Тізімге қайта оралу