Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

6

Күн
Дунгань, Қытай

Астана халықаралық марафонына пейсмекерлер қажет

10.08.2017

Бек Төлеуов  
163
Астана халықаралық марафонына пейсмекерлер қажет

ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өтетін маңызды спорттық шаралардың бірі – Астана халықаралық марафоны.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен «Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің» (АӨСШК) форумымен бірге өткізілетін марафон 27 тамызға жоспарланған. Ұйымдастырушылар халықаралық марафонға қатысатын пейсмекерлердің қажет екенін хабарлады.

Пейсмейкер – бұл орта және ұзақ қашықтыққа жүігетін желаяқ. Негізі пейсмекерлер әр кезде болған. Тек ресми түрде бұл мамандық 1980 жылдардың ортасында пайда болды. 1990 жылдардан бері пейсмекерлердің қызметін тұрақты пайдаланушылар көбейді. Пейсмекерлер сондай-ақ тас жолда мүмкіндігі шектеулі жандарды қадағалап, керек кезде көмектесе алады.

Астана халықаралық марафонының ұйымдастырушылары мына уақыттарға жүгіретін алатын пейсмейкерлердің қажет екенін жариялады: 2 сағат 20 минут, 2 сағат 50 минут, 3:10, 3:30, 4:10, 4:30, 4:50, 5:10, 5:30, 5:50. Бұл дегеніңіз, пейсмекер осында қарқында жүгіре алуы қажет. Пейсмейкерлер үшін тегін бастапқы пакеттер қарастырылыған. Сондай-ақ уақыт көрсеткіштеріне байланысты оларға ақша төленеді.

Айта кетейік,  бұған дейін Шанхай ынтымақтастық ұйымының 15 жылдығына байланысты өткен жылы Қытайда алғашқы халықаралық марафонды өткізген болатын.

Марафонды Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика федерациясы және «Шанхэ» Юньнань мәдениет және спорт компаниясы бірігіп өткізеді.

Жалпы, марафон үш кезеңді қамтиды. Ең ұзақтығы – 42 шақырым 195 метр, орта қашықтық – 10 шақырым.  Одан бөлек,  ЭКСПО-2017 көремінің құрметіне орайластырылған 2017 метр бар.

«ЭКСПО-2017» аясында өтетін ШЫҰ мен АӨСШК халықаралық марафоны 2017 жылдың 27 тамызында таңғы сағат 08:00-де басталады. Марафонның маршруты Астананың сол жағалауындағы басты көшелерді қамтиды. Спорттық шараға ШЫҰ мүше әрбір мемлекеттен жалпы 30 кәсіби спортшыны тарту көзделген. 

Марафонға кәсіби спортшылардан бөлек, жүгіруге әуес жандардың барлығына қатысуға мүмкіндік бар. Тіркелу http://scomarathon2017.com/kz сайты арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі кезде 500 қатысушы өтініш беріп үлгерді.

Тізімге қайта оралу