XXVIII Ғ.Қосанов Мемориалы» халықаралық жарысы

Есептегіш

11

Күн
Алматы

Астана марафонына 700 құқық қорғау органының қызметкері тартылады

22.08.2017

219
Астана марафонына 700 құқық қорғау органының қызметкері тартылады Сол жақтан төртінші - Елжан Шүпеков

27 тамызда Астанада өтетін ШЫҰ және АӨСШК халықаралық марафоны кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 700 құқық қорғау қызметкері тартылады.  Бұл туралы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Елжан Шүпеков мәлім етті.

– Біз марафон кезінде жол қауіпсіздігін жабу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге толық дайынбыз. Халықаралық марафонның барлық маршрутына жалпы саны 700 адам жұмылдырылады.  Әрбір пунктте біздің қызметкерлер тұрып, өз міндеттерін атқарады. Спорттық шара өтетін аймақтардың жолдары уақытша жабылады. Марафонға қоғамдық көліктермен барған дұрыс, – дейді Елжан Шүпеков.

Айта кетейік, марафонды Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика федерациясы және «Шанхэ» Юньнань мәдениет және спорт компаниясы бірігіп өткізеді.

Жалпы, марафон үш кезеңді қамтиды. Ең ұзақтығы – 42 шақырым 195 метр, орта қашықтық – 10 шақырым.  Одан бөлек,  ЭКСПО-2017 көремінің құрметіне орайластырылған 2017 метр бар.

«ЭКСПО-2017» аясында өтетін ШЫҰ мен АӨСШК халықаралық марафоны 2017 жылдың 27 тамызында таңғы сағат 07:30-да басталады. Марафонның маршруты Астананың сол жағалауындағы басты көшелерді қамтиды. Спорттық шараға ШЫҰ мүше әрбір мемлекеттен жалпы 30 кәсіби спортшыны тарту көзделген. 

Марафонға кәсіби спортшылардан бөлек, жүгіруге әуес жандардың барлығына қатысуға мүмкіндік бар. Тіркелу http://scomarathon2017.com/kz сайты арқылы жүзеге асырылады. 

Тізімге қайта оралу