Астана марафонында қызмет атқаратын төрешілер анықталды
Бек Төлеуов  
290

Астана марафонында қызмет атқаратын төрешілер анықталды

Астанадағы халықаралық Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) мен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) марафонынында қызмет атқаратын төрешілер құрамы анықталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша халықаралық марафонға 47 қазақстадық төреші тартылған.Оның ішінде жоғары дәрежедегі ұлттық төреші – 8, бірінші дәрежедегі төреші – 28.

Облыстардың арасында ең көбі – Қарағанды облысынан. Орталық Қазақстанның 19 қазысы Астана марафонына төрелік етуге бекітілген. Сондай-ақ Астанадан – 11, Алматыдан – 7, Шымкенттен – 5 рефери келеді. Төрешілер корпусын тәжірибелі әрі беделді мамандар Анатолий Рогачев (Қарағанды) пен Игорь Новицкий (Алматы) басқарады.

Айта кетейік, марафонды Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика федерациясы және «Шанхэ» Юньнань мәдениет және спорт компаниясы бірігіп өткізеді.

Жалпы, марафон үш кезеңді қамтиды. Ең ұзақтығы – 42 шақырым 195 метр, орта қашықтық – 10 шақырым.  Одан бөлек,  ЭКСПО-2017 көремінің құрметіне орайластырылған 2017 метр бар.

«ЭКСПО-2017» аясында өтетін ШЫҰ мен АӨСШК халықаралық марафоны 2017 жылдың 27 тамызында таңғы сағат 07:30-да басталады. Марафонның маршруты Астананың сол жағалауындағы басты көшелерді қамтиды. Спорттық шараға ШЫҰ мүше әрбір мемлекеттен жалпы 30 кәсіби спортшыны тарту көзделген. 

Марафонға кәсіби спортшылардан бөлек, жүгіруге әуес жандардың барлығына қатысуға мүмкіндік бар. Тіркелу http://scomarathon2017.com/kz сайты арқылы жүзеге асырылады. 

Тізімге қайта оралу