Көктемгі Қазақстан чемпионаты 2018

Есептегіш

7

Күн
Шымкент

Астана марафонындағы нәтижелерді IAAF есепке алатын болады

22.08.2017

Бек Төлеуов  
229
 Астана марафонындағы нәтижелерді IAAF есепке алатын болады

Бүгін Астанаға Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының  (IAAF) танымал мамандары, испаниялық Мигель Анхел мен Рамон Хорхе келді.

Пиреней түбегінен келген мамандар 27 тамызда  өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының Астана халықаралық марафонының жүгіру тас жолымен тағы бір мәрте танысып шығады. Бұған дейін маусым айында тас жолды өлшеу және сертификаттау жұмыстарын жүргізген болатын.

Мигель Анхел мен Рамон Хорхе Астанадағы халықаралық марафонның ұйымдастыру жұмыстары жоғары деңгейде жүріп жатқанын атап өтті. Олардың айтуынша, ШЫҰ марафонындағы нәтижелер Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының  (IAAF)  хаттамасына тіркеледі.

Бүгін алдымен ҚР Жеңіл атлетика федерациясының кеңсесінде ұлттық құраманың орта, ұзақ қашықтық және марафонға жүгіру бойынша аға жаттықтырушысы Артем Жигалов Испаниядан келген мамандарға дайындық жұмыстарын таныстырып, үш қашықтық бойынша жүгіру маршрурттарын таныстырды.

– Осы уақыт ішінде атқарылған жұмыстарға көңіліміз толады. Талап етілген міндеттердің барлығы орындалған. Астанадағы тас жол халықаралық талаптарға сай келеді. Сіздердің тас жолдарыңыз біздің Барселонаағы тас жолға қатты ұқсайды. Онда да қаладан тыс жерлерге жүгіруге тура келеді. Спортшыларға қатты жел соқса кедергі келтіруі мүмкін. Басқасы көңілден шықты, – дейді Рамон Хорхе.

Тізімге қайта оралу