Көктемгі Қазақстан чемпионаты 2018

Есептегіш

7

Күн
Шымкент

Астанада 24 сағат жүгіретін ашық чемпионат өтеді

06.10.2017

160
Астанада 24 сағат жүгіретін ашық чемпионат өтеді

Ертең Астанада «Self-Transcendence – өз-өзінді бағындыру» деп ататалатын тәулік бойы жүгіретіндердің ашық чемпионаты басталады.

Салауатты өмір салтын насихаттап жүрген елордалық Astana Runners клубы мен Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы ұйымдастырып отырған жарыс Орталық саябақтың шаңғы-роллерлік тас жолында өтеді.

Ашық чемпионаттың бағдарламасы:

Дистанция

Старттың басталуы

Мәреге жетуі уақыты

Лимит

Ең төменгі талаптар

6 сағат

Сағ 10:00

07.10.2017

Сағ 16:00

07.10.2017

-

Марафон, 42 шақырым 195 метр

100 шақырым

Сағ 21:00

07.10.2017

10:00-ден кешікпеу керек

08.10.2017

13 сағат

Марафон, 42 шақырым 195 метр

24 сағат

Сағ 10:00

07.10.2017

Сағ 10:00

08.10.2017

130 шақырымнан кем емес

Марафон, 42 шақырым 195 метр

Кез келген марафоншы және жүгіруді жақсы көретін азаматтардың барлығына қатысуына болады. Орталық саябақтың шаңғы-роллерлік тас жолының әрбір айналымы – 1 шақырым. Пункттердің барлығында ыстық тамақ, медициналық көмек, демалу орны қарастырылған.

Орталық саябақтағы тас жол сертификациядан өткізілген. Ұлттық дәрежедегі төрешілер қазылық етеді. Ультрамафонға қатысушыларға барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ норматив орындағандарға спорттық атақтар беріледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, 50-ден астам адам қатысуға өтініш білдірген. Ертең чемпионат алдында сол жерде де тіркелуге мүмкіндік қарастырылған.

Тізімге қайта оралу