Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

6

Күн
Дунгань, Қытай

Астанада бір тәулікке жалғасатын марафон өтіп жатыр

07.10.2017

77
Астанада бір тәулікке жалғасатын марафон өтіп жатыр

Елордадағы  Орталық саябақтың шаңғы-роллерлік тас жолында «Self-Transcendence – өз-өзінді бағындыру деп ататалатын ультрамарафон өтіп жатыр.

Әуесқой жүгірушілердің Astana Runners клубы мен Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы ұйымдастырып отырған жарысына 60-қа жуық адам қатысып жатыр.

Бүгін сағат 10:00-де 6 және 24 сағат жүгіретіндердің марафоны басталды. Ал 100 шақырым жүгіретіндердің жарысы сағат 21:00-ге жоспарланған.

Орталық саябақтағы тас жол сертификациядан өткізілген. Ұлттық дәрежедегі төрешілер қазылық етіп жатыр. Ультрамафонға қатысушыларға барлық жағдай жасалған. Су, тамақ ішуге, демалуға да мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ норматив орындағандарға спорттық атақтар беріледі.

 


Тізімге қайта оралу