Астанадағы жеңіл атлетикаға арналған жаңа манеж 2019 жылға дейін  беріледі – Ә. Жақсыбеков

Астанадағы жеңіл атлетикаға арналған жаңа манеж 2019 жылға дейін беріледі – Ә. Жақсыбеков

Бүгін Астанада ҚР жеңіл атлетика федерациясының кезектен тыс конференциясы өтті. Жиын барысында федерация президенті Әділбек Жақсыбеков Астанада жеңіл атлетикада арналған манеж салына бастағанын айтты.

– Астанадағы жаңа жабық кешендегі жеңіл атлетика манежін Елбасының жеке тапсырмасы бойынша «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры салып жатыр.Жоспар бойынша 2019 жылға құрлыс жұмыстары аяқталуы тиіс. Манеж 7 мың көрерменге арналған. Астана мен Алматыда екі манеж тұрғызып алсақ, кез келген халықаралық жарыстарды өткізе беруге болады, –дейді Әділбек Жақсыбеков.

Федерация президенті бізге алдымен кәсіпқой спорттың қажет екенін айтты, әйтпесе бұқаралық спорттың дамуы екіталай.

– Егер кәсіби спорт болмаса, адамдарды спортқа тарту қиын. Янғи ол кезде бұқаралық спортта дамымайды. Әлбетте сайысқа түсетін жас спортшылар қажет. Сондықтан бізге кәсіпқой керек. Басты мақсат –алға жылжу.  Манеж жұмыстары 2019 жылдан кешіктірілмей аяқталуы тиіс, – дейді Әділбек Рыскелдіұлы.

Тізімге қайта оралу