Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

6

Күн
Дунгань, Қытай

Астанада халықаралық ШЫҰ марафонын қолдау акциясы өтті (Фоторепортаж)

22.08.2017

107
Астанада халықаралық ШЫҰ марафонын қолдау акциясы өтті (Фоторепортаж)

Бүгін Астанадағы триатлон саябағында ШЫҰ халықаралық марафонын қолдау мақсатында флешмоб өтті. Аталған іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, бокстан Олимпиада чемпиондары Бақтияр Артаев пен Данияр Елеусінов қатысты.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, ШЫҰ марафоны ЭКСПО-2017 көрмесі аясындағы ең ірі бұқаралық спорттық-мәдени шара болмақ. 

Айта кетейік, марафонды Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика федерациясы және «Шанхэ» Юньнань мәдениет және спорт компаниясы бірігіп өткізеді.

Жалпы, марафон үш кезеңді қамтиды. Ең ұзақтығы – 42 шақырым 195 метр, орта қашықтық – 10 шақырым.  Одан бөлек,  ЭКСПО-2017 көремінің құрметіне орайластырылған 2017 метр бар.

«ЭКСПО-2017» аясында өтетін ШЫҰ мен АӨСШК халықаралық марафоны 2017 жылдың 27 тамызында таңғы сағат 07:30-да басталады. Марафонның маршруты Астананың сол жағалауындағы басты көшелерді қамтиды. Спорттық шараға ШЫҰ мүше әрбір мемлекеттен жалпы 30 кәсіби спортшыны тарту көзделген. 

Марафонға кәсіби спортшылардан бөлек, жүгіруге әуес жандардың барлығына қатысуға мүмкіндік бар. Тіркелу http://scomarathon2017.com/kz сайты арқылы жүзеге асырылады. 

Тізімге қайта оралу