Жазғы Азия ойындары 2018

Есептегіш

4

Күн
Джакарта, Индонезия
Астанадағы ШЫҰ марафонында жүгіретіндердің арасында «Астана арландары» да бар
228

Астанадағы ШЫҰ марафонында жүгіретіндердің арасында «Астана арландары» да бар

Бүкіләлемдік бокс сериясының үш дүркін чемпионы «Астана арланс» клубының қызметкерлері 27 тамызда Астанада өтетін халықаралық ШЫҰ марафонына қатысады.

– Бұл өте керемет идея, отанға деген патриотизм осындай іс-шаралардан басталады. Қазіргі кезде адамдардың көбісі салауатты өмір салтын ұстануға тырысады. Үйде отырып, теледидар көріп, компьютер ойнағаннан, 2-3 сағат уақыт марафонға жүгіріп қайтқан әлде қайда пайдалы деп ойлаймын. Ұйымдастырушылардың бұл бастамасы қолдауға тұрарлық дейді «Астана арланс» клубының PR-менеджері Ерлан Уәли.

Еске сала кетсек, алдағы жексенбі күні Астанада халықаралық ШЫҰ марафоны өтеді. Аталмыш шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика федерациясы және «Шанхэ» Юньнань мәдениет және спорт компаниясы бірігіп өткізеді.

Марафон додасы үш кезеңді қамтиды. Ең ұзақтығы  классикалық марафон – 42 шақырым 195 метр, орта қашықтық – 10 шақырым.  Одан бөлек,  ЭКСПО-2017 көрмесінің құрметіне орайластырылған 2017 метр бар.

«ЭКСПО-2017» аясында өтетін ШЫҰ мен АӨСШК халықаралық марафоны 2017 жылдың 27 тамызында таңғы сағат 07:30-да басталады. Марафонның маршруты Астананың сол жағалауындағы басты көшелерді қамтиды. Спорттық шараға ШЫҰ мүше әрбір мемлекеттен жалпы 30 кәсіби спортшыны тарту көзделген. 

Марафонға кәсіби спортшылардан бөлек, жүгіруге әуес жандардың барлығына қатысуға мүмкіндік бар. Тіркелу http://scomarathon2017.com/kz сайты арқылы жүзеге асырылады.

Тізімге қайта оралу