Жазғы Азия ойындары 2018

Есептегіш

5

Күн
Джакарта, Индонезия
Астанада ШЫҰ марафонына байланысты флешмоб өтті
236

Астанада ШЫҰ марафонына байланысты флешмоб өтті

Бүгін Астананың Триатлон паркінде ШЫҰ марафонына байланысты арнайы флешмоб өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 27 тамыз күні Астанада Шанхай Ынтымақтастық ұйымының аясында елімізде тұңғыш рет толыққанды кәсіпқой марафон өтеді. Осыған байланысты бүгін елордамыздың Триатлон паркінде Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының басшылығымен арнайы флешмоб өтті.

Флешмобқа министрден бөлек, бокстан 2004 жылғы Афины Олимпиадасының чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаев пен 2016 жылғы Рио де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов қатысты. Марафоншылар триатлон паркінде жаттығу жасап, халықты 27 тамыз күні бірге жүгіруге шақырды.

– Мен өзім де жүгіремін. Бұл еліміздегі ең ірі марафон болмақ. Сондай-ақ, өзгелерден артықшылығы ШЫҰ марафоны Қазақстандағы тұңғыш кәсіпқой марафон. Сондықтан, 27 тамыз күні бізбен бірге жүгіруге қызығушылық танытып отырғандар өте көп. Солардың арасында спорт жұлдыздары ғана емес, өнер жұлдыздары, қайраткерлер және әртүрлі қызметтегі шенеуніктер болады. Сондай-ақ, ШЫҰ марафонына қатысуға шетелдерден де кәсіпқой спортшылар келіп жатыр, - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.– Мен өзім де жүгіремін. Бұл еліміздегі ең ірі марафон болмақ. Сондай-ақ, өзгелерден артықшылығы ШЫҰ марафоны Қазақстандағы тұңғыш кәсіпқой марафон. Сондықтан, 27 тамыз күні бізбен бірге жүгіруге қызығушылық танытып отырғандар өте көп. Солардың арасында спорт жұлдыздары ғана емес, өнер жұлдыздары, қайраткерлер және әртүрлі қызметтегі шенеуніктер болады. Сондай-ақ, ШЫҰ марафонына қатысуға шетелдерден де кәсіпқой спортшылар келіп жатыр, - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Тізімге қайта оралу