Жеңіл атлетика федерациясы TERRA MOTORS компаниясымен әріптестік орнатпақшы

12.04.2017

Бек Төлеуов  
127
Жеңіл атлетика федерациясы TERRA MOTORS компаниясымен әріптестік орнатпақшы На фото: Эльдар Табанов и Марат Есимсеитов

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы TERRA MOTORS компаниялар тобымен әріптестік байланыс орнатпақшы. Астана қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының автомобиль нарығындағы көшбасшы компания еліміздегі ең ірі спорттық бірлестіктің бірі саналатын жеңіл атлетика федерациясына демеуші болуға дайын.

– Біздің компания үшін жеңіл атлетика федерациясына демеуші болу үлкен құрмет. Жеңіл атлетика – олимпиадалық спорт түрі. Оны өздеріңізде жақсы білесіздер. Әлемдегі ең танымал спорт түрлерінің бірі. Қазақстанда да қазіргі кезде қанат жайып келеді. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды қолдаймыз. Сондай-ақ жас спортшыларды тәрбиелеуге және елімізде осы спорт түрінің дамуына өз үлесімізді қосқымыз келеді. Біздің әріптестігіміз нәтижелі болады деп сенемін. Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз, – деді «TERRA MOTORS» компаниялар тобының құрылтайшысы Марат Есімсейітов.
-– Жеңіл атлетика – халықтық спорт түрі. Қазақстанның барлық өңірінде дамып келеді. Үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованы бәрі таниды. Қазақстанның жеңіл атлеттері Дүниежүзілік Универсиада ойындары, Азия ойындары, құрлықтық чемпионаттармен және басқада ірі халықаралық жарыстардан жүлдесіз қайтқан емес. Енді TERRA MOTORS компаниялар тобының қолдауымен әлемдік аренада жаңа жұлдыздарды шығарамыз деп үміттенеміз, – дейді Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының бірінші вице-президенті Эльдар Табанов.

TERRA MOTORS компаниялар тобы 2008 жылы құрылған. Бүгінгі таңда компания 6 шоу-рум, 7 әлемдік амтовиль брендін шығаруда. Компанияның штатында 253 қызметкер бар. Jaguar, Land Rover, INFINITI, Nissan, Mitsubishi, Lifan, Datsun секілді әлемдік компаниялардың ресми дилері.

Айта кетейік, жеңіл атлетика федерациясының бас демеушісі «Самұрық-қазына» әл-ауқат қоры. Ал ресми демеуші – АҚ«Цеснабанк». Енді «TERRA MOTORS» компаниялар тобы да демеушілер қатарына қосылмақ.

Тізімге қайта оралу