«Атырау марафонынан» түскен қаржы қайымдылыққа жұмсалады

26.04.2018

68
«Атырау марафонынан» түскен қаржы қайымдылыққа жұмсалады

13 мамырда мұнайлы өлке Атырауда екінші рет марафон өтеді. Биылғы жылы марафон үш қашықтық бойынша ұйымдастырылады.

Атырауда марафон өткізу идеясы өткен жылы басталған еді. Былтыр жүгірушілер 10 және 21 шақырым қашықтық бойынша өз бақтарын сынаған еді. Ал биыл ұйымдастырушылар толық марафон яғни 42 шақырым 195 метрді қосыпты.

– Биыл үш қашықтық бойынша өткіземіз. Жартылай марафонның орнына 42  шақырымды құрайтын толық марафонды енгіздік. Екінші қашықтық – 10 шақырым, ол тұрақты жүгірумен айналысатын адамдар үшін арнайы дайындалған. Үшінші қашықтық – жаңадан бастағандар үшін 4,5 шақырым (тегін). – Жарысқа қатысу ақылы. Толық марафонға қатысу 3 000 теңге, 10 шақырымға – 1000 теңге, ал үшіншісі тегін. Ал студенттер мен зейнеткерлерге ештеңе төлеудің қажеті жоқ, – дейді «Atyrau Marathon – 2018» ұйымдастыру комитетінің өкілі Юрий Пономарев.

Оның айтуынша, қазіргі кезде 700 адам тіркеліп үлгерген. Ұйымдастырушылар биылғы марафонға 3000 адам қатысады деп жоспарлап отыр екен. Марафоннан түскен қаржы қайырылымдылық шараларына жұмсалады.

Атырау марафонына құрметті қонақ ретінде Марат Жыланбаев шақырылып отыр.

Былтырғы жылы марафонға 2000-нан астам адам қатысқан болатын. 21 шақырымға жүгіргендердің ішінде Базарбай Дауталиев, әйелдерден жапониялық Наоми Ваймант жеңіске жеткен еді.

Тізімге қайта оралу