«Атырау марафонына» 2000-нан астам қатысушы тіркелді

«Атырау марафонына» 2000-нан астам қатысушы тіркелді

Ертең, 13 мамырда мұнайлы өлкеде осымен екінші рет «Атырау» марафоны өтеді. Қазіргі кезде 2000-нан астам тіркеуден өткен. Марафоның жүлде қоры 4 миллион теңге.

«Atyrau Marathon – 2018» ұйымдастыру комитетінің өкілі Юрий Пономаревтың айтуынша, 42 шақырым 195 метрлік марафонға жүгірудің старты 07:00-де басталады. Бүгінгі таңда 2000-нан астам ресми тіркеуден өткен. Қатысушылар дәл марафон басталар сәтте де өтініш беріп, жүгіруге болады.

«11 мамырдан бері бастапқы нөмірлер тарату басталды. Жарысты өткізуге көмектесу үшін хронометрист келді. Дегенмен тіркеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. 4 шақырымға жүгіретіндерге жарна төлеудің қажеті жоқ. Тағы бір жақсы жаңалық, облыстық әкімдік пен жеңіл атлетика федерацияасы демеушілермен келісімге қол жеткізді. Марафонға қол ұшын беруге келіскен меценаттар 10 шақырымға жүгіретіндердің 500-нің жарнасын төлеп берді. Сондықтан марафонға қатысатындардың көбісі тегін жүгіретін болады.марафонда өзі таңдаған қашықтықты жүгіріп өткендерге естелік медаль мен сыйлық үлестіріледі», дейді Юрий Пономарев. 

Атырау марафонына құрметті қонақ ретінде – әйгілі желаяқмарафоншы, әлемнің ең үлкен шөлдерін жүгіріп өткен жер бетіндегі жалғыз адам Марат Жыланбаев пен танымал жеңіл атлет Александра Романова шақырылып отыр. Сондай-ақ ұйымдастырушылар атақты ардагер спринтер Әмір Тұяқов келуі мүмкін екенін айтты.

Марафон мәдени шаралармен жалғасады. Қазастанның эстрада жұлдыздарынан Луина және т.б әншілер өнер көрсетеді.

Былтырғы жылы марафонға 2000-нан астам адам қатысқан болатын. 21 шақырымға жүгіргендердің ішінде Базарбай Дауталиев, әйелдерден жапониялық Наоми Ваймант жеңіске жеткен еді.

Тізімге қайта оралу