Жазғы Азия ойындары 2018

Есептегіш

10

Күн
Джакарта, Индонезия
«Атырау» марафонының жеңімпазына ат мінгізді
106

«Атырау» марафонының жеңімпазына ат мінгізді

13 мамырда мұнайлы өлкеде осымен екінші рет «Атырау» марафоны өтті. Жүгіруді жақсы көретіндер үш қашықтық бойынша сынға түсті.

Атырауда марафон өткізу идеясы 2017 жылы басталған еді. Былтыр жүгірушілер 10 және 21 шақырым қашықтық бойынша өз бақтарын сынаған еді. Ал биыл ұйымдастырушылар толық марафон яғни 42 шақырым 195 метрді қосыпты. Сондай-ақ 10 және 4,5 шақырым қашықтықтар бойынша өтті.

Марафоннан түскен барлық қаржы қайырылымдылық шараларына жұмсалады. Яғни Атырау облысындағы балалар үйіне беріледі.

Ерлер арасындағы марафонда Базарбай Дауталиев жеңіске жетті. Ол былтыр жартылай марафонды да ұтқан. Толық марафонды бағындыру үшін Дауталиевке 2 сағат 47 минут 20 секунд жеткілікті болды. Екінші орын Асқар Жаңабергеновке бұйырды (2 сағат 52 минут 50 секунд). Қола жүлдені Әсер Қожанов еншіледі (2 сағат 58 минут 36 секунд).

Он шақырымға жүгіргендердің ішінде Батыс Қазақстан облысынан келген Гамзат Шабдан топ жарды (35 минут 29 секунд). Екінші орынға Дәулет Ниетжан ие болды– 39 минут 8 секунд. Үштікті Болат Мұқашев қорытындылады (39 минут 29 секунд).

Әйелдер үздігі Трейси Квин – 47 минут 54 секунд. Мәреге екінші болып, Аделе Шабданова келді – 48 минут 10 секунд. Қоланы Диляра Ахметова жеңіп алды – 50 минут 58 секунд.

Жалпы марафонға 3 мыңнан астам адам қатысты. Айтпақшы, марафонда жеңіске жеткен спортшыларға 150 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы естелік медаль, алғыс хат берілді. Ал ерлер арасынағы абсолютті чемпион Базарбаев Дауталиевке облыстық ұлттық спорт түрлері федерациясы ат мінгізді.

Атырау марафонына құрметті қонақ ретінде – КСРО кезінде атағы желаяқ, әйгілі ардагер спринтер Әмір Тұяқов, әлемнің ең үлкен шөлдерін жүгіріп өткен жер бетіндегі жалғыз адам Марат Жыланбаев пен танымал жеңіл атлет Александра Романова қатысты.

Тізімге қайта оралу