Автохронометрист төрешілерге арналған курсқа қатысушыларға сертифкат табысталды Фото Константин Князевич

Автохронометрист төрешілерге арналған курсқа қатысушыларға сертифкат табысталды

Алматыда автохронометрист төрешілерге арналған оқу курсы өтті. Оны ҚР жеңіл атлетика Федерациясына қарасты Ғылыми-техникеалық орталық ұйымдастырды.

Бұл оқу курсына еліміздің әр аймағынан және Қырғызстан мен Тәжікстаннан келген 17 төреші қатысты. Оларға Еуропа жеңіл атлетика қауымдастығының фотофиниш бойынша халықаралық төрешісі, польшалық Гжегож Липински дәріс оқыды.

Тәжірибелі маман алғашқы күні  фотомәрені жүйелік басқару, тайминг, фальстартты анықтау, желдің жылдамдығын өзгерту, нәтижелерді тіркеу секілді мәселелердің барлығын түсіндіріп, көрсетіп отырды.

– Қазақстанға келіп, дәріс оқығаныма қуаныштымын. Барлық қатысушылар қызығушылық танытып, сұрақтарын қойып отырды. Білмегендерін қосымша сұрағандары да бар. Екі күнге созылған курста негізінен тәжірибелі сабақтарға мән бердік, – дейді Гжегож Липински.

Курсқа қатысқан 17 төрешінің 15-і қазақстандық. Олар: Мұрат Қожагелдинов, Роман Валиев, Анастасия Мучкина (бәрі де – Павлодар), Денис Мосеев, Сергей Авдеенко, Артем Саблин, Александр Пудовинников, Фарух Сабиржанов (бәрі де – Шымкент), Александр Сенькин, Нұрлан Түсіпов (екеуі де – Қарағанды), Сергей Тулапин, Артем Косинов (екеуі де – Алматы), Дмитрий Семенов, Павел Кукин, Александр Аксютин, Алексей Владимиров (бәрі де – Өскемен).

Автохронометрист төрешілерге арналған курс аяқталған соң, барлық катысушыларға сертификат табысталды.

Тізімге қайта оралу